Posted in

ЖҮРЕГІН ШЫМЫРЛАТТЫ

Қайғыртып егілтті, жанын күйзелтті. ~ Ақынның кетті кенет ойын бөліп. Селк етті ол шым батқан тасқа қарап, Бірақ та селт
етпеді жатқан алап. Жүрегін шымырлатты бір тәтті мұң, Жанарын мөлдіреген жасқа орап. М.Айтқ. ~ Қарт көзінен жас
парлап, Қарт сөзінен сыр аңдап, Шымшығандай құйқаны, Шымырлатты жүректі. Ә.Тәж. ~ Жүрегімді шымырлатты ащы әлем,
Жамандықтан бас сауғалап қашқан ем. Түйсіз құзға құлаш ұрып жүргенде, Мендік бақыт бара жатты басқамен. Ә.Ыб.