Posted in

ЖҮРЕГІНЕ (КӨҢІЛІНЕ) КҮДІК КІРДІ (САЛДЫ)

)Әлденеден сезіктенді. ~ Аян Айлаққа ойлана қарап қапты… Жүрегіне бір жаман күдік кіргендей. С.Сей. ~ Көңіліме күдік кірді. «Елемес Жәмиді жер-көкке сыйғызбай неге мақтайды? Әлде одан дәмесі бар ма екен?» С.Ом. ~ Күреңбайдың көңіліне күдік кірді. «Бұл көк ұрған неге мұнша күйзеліп отыр? Жерін алса қайтейін? Онда менің не шаруам бар? С.Ом. ~ Жаннат сәл кідірді де, енесінің бір жерін ауыртып алмайын дегендей, көңіліне күдік салған жайды сұрады. І.Ес.