Ауыр тиді, шаншып алғандай болды, жан дүниесін жаралады. ~ Жан-жағынан сынай қараған көздердің сұғы жүрегіне инедей қадалып, іштен тынып ширығып отыр. Т.Сәу. * Оның кекесіні шымбайына батып, жүрегіне инедей қадалса да, ләм-мим деп сөз қайырған жоқ. С.Ом. ~ Оның әрбір сөзі Мәрзияның жүрегіне инедей қадалуда. Басын төмен салбыратып отырғаннан көз жасы жерге тамды. С.Досж.
