Posted in

ЖҮРЕГІНЕ ҰЯЛАДЫ (ҰЯЛАТТЫ, ҰЯ САЛДЫ)

Жанына жақты, көкейіне қондырды, жадында сақталды. ~ Тек жаңа ғана көрген, жүрегіне ұялай қалған қаһарман әкенің бейнесін естен шығармасқа ант ішкендей, кішкене жұдырығын тас түйіп алып, өзімен-өзі шешесінің жанында өзге дүние болып келе жатты. Ш.Айт. ~ Бұл, ең алдымен, ата-баба дінін бала жүрегіне ұялатып, бойына сіңіру. Ж.Аяз. ~… Ленинді неліктен данышпан дейтінімізді де ұғындырды, жиналғандардың жүрегіне ұялата білді… Б.Мом. ~ Көктеміме жетеле, еліктірші, Жүрегіме ұя сап, еніп кірші. Кезектесіп жырлайық мұңымызды, Мұңдасыңды ұмытпай келіп тұршы. Қ.Бұғ.