Жүректе лаулаған сезім, махаббат оты. ~ Ақылымен, отты еркімен, Тым ерекше өз құлқымен, Нәзік жүрек жалынымен Жеңілдігін от құмардан Кешпейсіздер қалай оған? І.Жан. ~ Соғыс! Соғыс! Жоқ! Құрсын атама атын, Атама атын, өмірден ақы алатын. Мәңгі жүрек жалыны сөнбейтұғын, Күннен алған өмірден махаббатым. Қ.Бұғ. ~ Келбетімнің әр кескінінен шашыраған жүрек жалыны көздеріне тым шатылысып бара жатса, ол барлық салондардағы суреттерде бейнеленетін жасанды жымиыспен дәстүрлі жел сөздердің бірін айта салатын. О.Бальз. ~ Ол – балаларымның анасы. Ата мен ана қосқан жолдасым. Бар болғаны сол ғана. Ал жүрек жалыны, ынтық, достық десең ондай оттың бәрi де ол кеудеде өшкен. Болған шағында да, соншалық маздаған шырақ жоқ едi. М.Әу.
