Жүрек түкпірінен шыққан, шынайы. ~ «Егер дүние жүзінің бар сұлуын көз алдымнан өткізіп таңдатса да, сенен басқаны қаламаймын» деп. Сонда ол өзінің жан жарына жүрек жарды сырын, әзілдесе де ойындағысын айтыпты. С.Дос. ~ Леша, — деді Митя, — бұл қылығыма күлмейтін жалғыз сен ғана! Мен жүрек жарды сырымды…Шиллердің қуаныш гимнінен…бастығым келеді. Ф.Дост. ~ Ей, ағайын!, айтпағың не демеңдер, Жүрек жарды айтылған ойды меңгер. С. Назарбек. ~ Бұл бесеуінен басқа Мақпалға арнап Сегіз сері «Мақпал» атты бір жүз елу бес шумақ өлең де шығарады. Онда мынадай жүрек жарды жыр жолдары бар … Н.Әбут. ~ Жақсы көретін қадірлі жеңгесіне Жоламан жүрек жарды шынын айтты. Жасырған жоқ. С.См. ~ Неге екені белгісіз, аяқ астынан тамағы құрғап, жағын аша алмай қалды. Қапелімде, ол мұны жүрек жарды қуаныштан шығар деп ойлаған-ды. Ә.Кек.
