Posted in

ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ (КҮНДЕР)

Адамның өміріндегі ең бір сәулелі, өмірлік мұратына, арманына қол жеткізген бақытты кездері. ~ Мәскеуде, Алматы да және басқа республикаларда жеке кiтап боп шығады. Бұл – бюроның шешiмi. Басқа шаруаны жиып қой да отырып жаз!» Әдеби мансап көгiндегi жұлдызды сәт. Т.Сәук. ~ …Адам өмірінде жұлдызды сәт деген болады. Бұл, әсіресе ғылымда ерекше мәнге ие. Әрине, тіршілікте қуаныштың, атақ пен даңқ, абыройдың өз ретімен келіп жатуы бұл да үлкен жақсылық. Бірақ бұларды жұлдызды сәтпен шатастыруға болмайды. Ж.Ауп. ~ Бірақ дәл аттанар алдында аяқ-астынан әлгінің өзі ауырып қалып, жолсапар маған бұйырды. Ол менің өмірдегі жұлдызды күндерім болды. Алғаш рет Алматыны аралап, үлкен сахнада ән салдым. Ү.Жәл.