Posted in

ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНДЫ (ӨРГЕ ӨРЛЕДІ)

Жолы болды, бағы ашылды. ~ Ақаңның жұлдызы өрге өрлеп, “Күмбір-күмбір күмбездері” жарық көріп, “Білім және еңбек” журналына бас редактор боп, қара өлеңдерді жинастырып жүрген кезі болатын. Т.Жұрт. ~ Канн фестивалінде қазақ қызының жұлдызы жанды. Дүйім елді талантымен тәнті еткен қазақстандық актриса Самал Еслямова «Айка» атты картинадағы басты рөлі үшін «Ең үздік әйел» жүлдесін жеңіп алды. БАҚ. ~ Бірі жұлдызы жанып, азғана жылда әскер даңқының аспанына жарқырап шықпақ болса, бірін аз уақытта елу жылдық қарапайым, адал, еңбекші өмірін өзіне лайық абыроймен аяқтауға жазған еді. Т.Ахт. ~ Алмастырам!? Дедің-ау, алмастырам!.. Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан. Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп, Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам? М.Мақ.