Posted in

ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАДЫ (ЖАРҚ ЕТТІ)

Жолы ашылып, еңбегі жанды, аты шықты. * Осындай күндердің, бірінде Амантайдың алдынан тағы да бір бақыт жұлдызы жарқырап қалды. С. Мұқ. ~ Бұл болмаса, Шам талай шабандоздың астында сан бәйгеге қосылып, жұлдызы жарқырап жанар ма еді. А.См. ~ Сондай алтын басты азаматқа бұл не қылды? Қадырын бiлiп, қасиетiн таныды ма? Жұлдызы жарқырап жанған сайын көңiлiн қауiп пен қызғаныш биледi. Өзiне бақталас санады. Т.Сәу. ~ Алматыға алғаш келген жылы Мұхтар Мағауиннің жұлдызы жарқырап, атағы шарықтап, бағы шалықтап тұр екен. Т.Жұрт. ~ Ондай актрисаны естіген емен. − Әлі ешкім де ести қойған жоқ. Бірақ, бір күні оның жұлдызы жарқ ете түсері анық. Тал бойында бір мін жоқ. О.Уай.