Posted in

ЖҰЛДЫЗЫ ҚАРСЫ

Біреуді (әлденені) жақтырмайды, суқаны сүймейді д.м. ~ Елтай өзіне де наразы. Салған беттен тіке шапшыды. Екеуінің жұлдызы қарсы. Ұрысқан, бет жыртысқан емес. Кезек-кезек өстіп кірпідей жиырылады да отырады. М.Қаб. ~ «Жұлдыз» болса, күлкіні маңына жолатпай келеді, күлкіге жұлдызы қарсы. Ғ.Қаб. ~ Сары иегі түбіттенген бозбала күннен ел ішінде ылғи құдіреттілерге жұлдызы қарсы болды да, сонан қашан қыршыннан қырқылғанша бар өмірі ат үстінде өтті. Ә.Нұрп. ~ Қыт-қытты қойшы, оған онсыз да жұлдызым қарсы. М.Қаб.