Мерт болды, өмірден озды, көз жұмды. ~ Құлыным-ай, қайтейін-ай, нетейін, Сөнгеннен соң аспандағы жұлдызым, Одандағы бірге өзіңмен кетейін, Жалғызсырап жүрмесін деп жалғызым. І.Ес. ~ …жауды тезірек жермен жексен етсек дейтін бір арман тарап қарша бораған оққа қарай отша лаулатып көтеріп әкетер еді. Сонда жердің талай жұлдызы сөніп те қалды… Н.Дәу.
ә) Бақыты тайды. ~ Енді қалың, бұлт қоршаған қараңғы аспаннан менің бақытымдай жарқ еткен бұл жұлдызым сөнді. Аспанымды тағы да қою қараңғылық қоршады. Ендігі тіршілігімде не мағына қалды? С.Мұқ.
