Рахат тірлік орын алды. ~ Қойшы, аяқасты жұмақ орнады да қалды. Айналайын Малашенко деген қайдан шығып еді өзі, соның арқасында біз де қарқ болып қалдық қой. К.Қаз. ~ Аузымыздан суымыз ағып, тамсана таңдай қағатын демократиялық елдердің қоғамы ғасырлар бойы жетіліп дамыған. Эволюциялық даму дегеніміз – осы. Еш уақытта, ешбір елде аяқ астынан “жұмақ” орнаған емес. Г.Барм. ~ Алдымен, егер дүниеде қанша миллион бала бар, біреуі жыламай, бәрі қуанып жүрсе, осы дүниенің өзінде-ақ жұмақ орнар еді. Сор болғанда, көп бала жылайды. Ш.Мұр.
