Үндемей отырып алды, дыбыс шығармады. ~ Арбакеш кәрия жол бойы жұмған аузын ашқан жоқ. Түсін бермей тұнжырап алған осы кәрия тым тұйық. Ә.Нұрп. ~ Тентегім-ау, келдің бе? – деп алдынан Асыл жеңге шыға келсін жайраңдап. Жігіт састы, жұмған аузын ашпады, Мінезінен секем алды жас-кәрі. А.Бақтыг. ~ Біреуіне қыз, екіншісіне келіншек Қарашаш халы қозғалса, екеуінің арасында сабақ жіпке ілініп әрең тұрған әлденелер үзіліп жүре беретіндей, ол турасында жұмған ауыздарын ашпады. М.Қаб. ~ Iшiнен жiгiтөзi аңсаған ыстық, жақсы сөздердi қашан айтар екен деп асыға күтедi. Бiрақ Ержiгiт жұмған аузын ашпайды. Б.Алд.
