Posted in

ЖҰРТ АЯҒЫ БАСЫЛДЫ (САЯБЫРСЫДЫ)

Маңайдағы адамдардың жүрісі сиреді, төңірек тынышталды. ~ Жирен аттың сылтың аяңымен ауыл шетіне жұрт аяғы басыла жеткен. Ә.Асқ. ~ …жұрт аяғы басылып, үй оңаша қалған кезде бала ағасы Бурашқа жат та жабыс. Ә.Тар. ~ Ақбергенмен әмпәй- жәмпәй. Екі- үш партияны жұмыстан қалып, жұрт аяғы саябырсыған соң асықпай ойнағанды жақсы көреді. Қ.Жиен.