Біреулердің ақысын жеп, пайда көрген арамы, жалқау немесе озбыр адам хақында. ~ «Мына Жанымхан дегенің жұрт үстінен күн көріп, байып барады. Тіпті өзінен артылып інілеріне алты бөлмелі үй тұрғызып берген жоқ па?» – деп гу-гу әңгімені әркімдерден естіп жүрмін. Қ.Ысқ. ~ Шәкіртіне кейіген мұғалімге ұқсады, қарлығыңқы үні ұсқынсыз естілді. — Әй, Оңғарбай, қайтсем жұрт үстінен күн көріп, таразыдан жеп, байимын деп жүргенде шалдардың қарғысына ұшырап тасбақаға айналдың. Өзіңе де обал жоқ. Пейіліңді кеңге салғаныңда бүйтіп қор болмас едің. Д.Дос. ~ Жан сақтапсың керуенге жанасалап, Бақ болмаса, не керек таудай талап?! Қамыңды өлмейтұғын ойлапсың ғой, Артылғанын бұлардың ұрттап жалап. Сені есіркер керуеннің аяп іші, Жұрт үстінен күнелтпек пұлсыз кісі. Бұл қалыпты болмаса керек еді, Тәуекелді шын қылған нардың ісі. М.Ж.Көп.
