Posted in

ЖҰРТТА ҚАЛҒАН БҰРАЛҚЫ ИТТЕЙ (КҮШІКТЕЙ, АҚСАҚ ТӨБЕТТЕЙ)

Елеусіз, аш-жалаңаш, үй-күйсіз, жападан-жалғыз қалу туралы. ~ Онда бұл жұртта қалған бұралқы иттей сандалар, бар қызығы мен өмірінің өзегінде өрілген үміті біржола тоналатыны анық болатын. А.См.~ Жұртта қалған бұралқы итке ұқсап, жүрек тұсын уқалап ебіл-дебілі шығып, жұтаған, тоналған, шаңы шыққан, түтіні сұйылған, ошағы өшкен жетім аулына қайтып оралған… Д.Дос. ~ Әкесі марқұм кемсең қағып жатып дүниеден өтті. 21 ғасырдың Мырқысы өңірейген үйде өстіп бүксиіп жата берсем, жұртта қалған аш күшікше бұралып бұйығып аштан өлермін деп, уайым шекті. Д.Дос. ~ Сыртқа құлақ түреді — дүние жайбарақат, тек мұның көкірегі ғана әлем– жәлем, төңірек тып– тыныш, мұның көкірегі ғана жұртта қалған ақсақ төбеттей ұлып жатыр. Ә.Кек.