Posted in

ЖЫҒЫЛҒАНҒА (ЖЫҒЫЛҒАН ҮСТІНЕ) ЖҰДЫРЫҚ

Бір сәтсіздіктің, жаманшылықтың үстіне екіншісі, сорға сор қосылуы. ~ Жығылғанға жұдырық дегендей, наурызда екі тәулік
бойына сұрапыл соғып, жайлауға қарай жылыстаған елдің мыңғырған малы қырылып қалды. Т.Әл. ~ Жоқ, балам. Жай
келмепті ғой. Жәлелім өліп, бір жақ қабырғам түгел сөгіліп отырғанда, жығылғанға жұдырық деп, тағы да осы үйдің орнын
ойсырата келіпті… С.Жүн. ~ Айналайындардың сілтеген пышағы да ем-ау. Кеудесіндегі оқты алғанда да өліп-тіріліп еді. Мына
ауруы да жығылғанға жұдырық болды. М.Қаб. ~ Жау шауып сорлаған елге сопақ астау тап болды. Жығылған үстіне
жұдырықтың кері кеп, жеті ағайынды жұт жетті. І.Ес. ~ Бүйтіп пұшайман болып отырғандар бұл ғана емес, жетіп артылатын
көрінеді. Жығылған үстіне жұдырық» деген осы да. Ә.Қай.