Күн жылып, көк шыққан, мамыражай, жайсаң мезгіл. ~ Анық жұт жаппай келмей ме? Бұл соның өзі ғой! Ел дегенде көпті айтамыз да… көп қысылды ғой!.. Мына боран айықпағалы міне үш күн болды. «Жыл мойыны жақын ба» деп дәме қылысып еді… Көкек аяқтап, мамырға да тақадық. Бірақ ақпан-қаңтардай боп әлі қақап тұр. Енді не қалды? – деп, Базаралы түңіліп отыр. М.Әу.
