Posted in

ЖЫЛАН ЖАЛАҒАНДАЙ

Еш нәрсе жоқ, түк қалмаған, тып-типыл. ~ Алтыатаның елдестері, жерлестері батырдың жыйған-тергенін жылан жалағандай етіп таратып әкетіпті. Д.Дос. ~ Ол үстін жылан жалағандай не бір қағаз, не бір қаламы жоқ қызыл мата жапқан үлкен үстелдің бір бұрышында тұрған жез қоңырауды қақты. К.Сег.

Жып-жылтыр, тап-таза. ~ Көл беті бір күннің ішінде жылан жалағандай тазаланды да, күзгі дала үңірейіп, қаңырап қалды. С.Жүн. ~ Апам киім ауыстырып шыққанша, қора жақты жылан жалағандай етпекпін. Е.Жең.