Кеудеге үрей себетін жағымсыз, ызбарлы дыбыс туралы. ~ Снарядты шұңқырдың шетіне жатқызып, ептеп түбіне қарай домалата бергенімде ол шынында да, жыланша ысылдай бастады. Мен жанұшырып, кейін қарай қаштым. Ә.Нұрш. ~ Төбелесетін адамдай екі көзі шатынап тұр. ─ Мен сені иттің етінен жек көремін, – деді кенет жыланша ысылдап. Т.Әбд. ~ Айғаным апай келе жатыр!-деп Арлан жыланша ысылдады. Екеуі дереу терезені ашқансып, гүлге су құйғансып тұра қалды. А.Рақ.
