Posted in

ЖЫЛҚЫ МІНЕЗДІ

Жылқы малының асыл қасиеттерін адамға телу. ~ Он мыңдаған жылдар жылқы қаны бойына сіңген ата-бабамыз – «адам жылқы мінезді» деп, жанын жылқыға таңып туыстастырады. Ж.Баб. ~ Әншейінде “жылқы мінезді халықпыз” деп мақтанамыз. Айтыңызшы, алдыға келгенде кімді тістеп, артқа жармасқанда кімде теуіп жатыр екенбіз? Өзімізді емес пе, осы?.. И.Сап. ~ Қазақты бірде қойдай қоңыр, бірде жылқы мінезді деуші еді. Қазір, иә, дәл қазір біз соның қайсысымыз? И.Сап. ~ Қойдай қоңыр, момын қазақ көбейіп барады. Жылқы мінезді жігіттеріміз, елік көңілді еркелеріміз қайда? И.Сап. ~ … жылқы бағу – мықтылардың, тәуекелшіл адамдардың ғана қолынан келеді дегенді анық аңғаруға болады. Сондықтан да ата-бабаларымыз турашыл, басынан сөз асырмайтын, жүректі, еркін, шалт қимылдайтын адамды «жылқы мінезді» деп атаған. Ж.Нау.