Ыңғайлы, жұмсақ орын; бауыр басқан жер; үйреншікті, жайлы қызмет. ~ Құдай да менімен бірге жылап тұр ғой, шырағым. Жылаған жан жылы орын іздемейді екен. Жауыннан жасқанатын қандай халім қалып еді менің, — деп Аққұл даусы дірілдеп, дегбірсіз үн қата берді. Б.Мом. ~ Аулаға кіре беріп, Арасанбай тағы да қалт тұрып қалған. Тағы да әлгі әзәзіл пікір бері келіп, мұның жылы кеудесінен жылы орын тапты. Ә.Тар. ~ Кеше ғана әке беделімен табылған орман шаруашылығы министрлігіндегі жылы орынға тоқтамай іздеп келгені әлгіндегі Бескемпірлер… Қ.Ысқ.
