Posted in

ЖЫНЫНАН АЙРЫЛҒАН (ҚАҒЫЛҒАН) БАҚСЫДАЙ (ЖЫМ) БОЛДЫ (ТЫНЫШТАЛДЫ)

Не істерін білмей аңырап тұрып қалды, мүләйімсіп, тынши қалды д.м. ~ Жындысайға жеткен соң жынынан айрылған бақсыдай болады! — деді Жақып. Қ.Ысқ. ~ Әлгінде зікір салған зілқара бұлттар қазір жынынан айырылған бақсыдай жуасып, Алатаудың басына барып аялдапты. Ш.Мұрт. ~ Амал не, Сəкеннен күллі жұрт көз жазғанда, бұл да жынынан айырылған бақсыдай жым болды. З.Қаб. ~ Кеш түсіпті. Әлгінде тұлан тұтқан табиғат жынынан айрылған бақсыдай тынышталған. Тек сыбырлап жаңбыр ғана құйып тұр. «Осыдан кейін түсік тастамаса… бұл да енді темір шығар…» С.Елу. ~ Өтірік пен шындықтың арасында бір мық (шеге) бар. Сол мықтың не екенін шешулеріңіз керек, – дейді. Патшаның бұйрығына бағынбасқа лаж жоқ, уәзірлер тобы жынынан айрылған бақсыдай аңырайып қалады. Қ.Ад.