Posted in

ЗАМАНЫ БІР (БІРГЕ) ЗАМАНДАС (ҚҰРДАС, СЫРЛАС)

Өмір сүрген уақыты бір тұрғылас жандар.~ Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі оларға үнемі төреші болыпты. БС. “Екі суайт”. Осы Сәке, Мәке дегенді қоя салайық. Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас деген. Иткөйлекті біріміз екі-үш жыл бұрын тоздырғанда түк те жоқ, – деп ресми сыпайыгершілік жүктейтін салқындық бөгетін аттап өтіп, жақынырақ араласуға ниетті екенін сездірді. АҚ “Таразы өмір”. ~ Және де сәлем дегейсің Қарамандай құрдасқа, Заманы бірге сырласқа, Жылы бірге жылдасқа, Жауы бірге мұңдасқа. А.Байт (“ҚҚҚ”)