Мұқтаж болды; ынтық болды. ~ Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді. Соларға зар болып, осылардан сұрауға келіп отырған-ау! Ж.Айм. ~ Бұл жаман екі айналып келмес, бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сөзді естіген күніңіз болды. М.Дул. ~ Абалаған ит өмірдің тынысы екен-ау! Ит қайдан болсын? Иттің тамағына адам зар болды ғой! Ж.Айм. ~ Айтшы өзің, дүние тірегі жер, қай заманда, қайсы ана өстіп өз баласын бір көруге зар болып, көзінен қан төгіп, ботадай боздап жол тосып еді? Ш.Айт. ~ Соққанда кеп миымның жар қабағын, Бір минуттық тынымға зар боламын. М.Мақ.
