Posted in

ЗАР ЖАҚ

Аузына дамыл жоқ адам. * Тәкежан қып-қызыл боп кетiп, мойнын сырт бұра берiп: – Өй, тiлiңе шоқ түссiн, зар жақ неме! – дедi. М.Әу. * Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ, Оларды енді көксер мақсат та жоқ. Күңіренген күні-түні «Құлагерге», Асқақ ән, әсем үнді зар жақ та жоқ. І.Жан. * Қаратай күліп жіберді: ─ Бұл зар жақ қатынды айтысып жеңе алмайсың, салғыласпай–ақ қой… Т.Әбд. ~ Құлақ салмас керең дүние мендей мұңлық зар жаққа, Кімге барып шағынамын, жыламасам аруаққа. Н.Айт. * Сұп-сұр бұлттардың алпы-салпы су етегі жер сыпырады. Сақылдаған сары аязда дыңылдап ән салатын зар жақ телеграф бағаналары үнсіз. М.Қаб.