Ашу шақырып, долданды. ~ Жоқ, сен жұмыс істемейсің. Ылғи десятник, подрядчиктерді ұрып, боқтап жүресің. Сен әлі инженер Плотниковты да балғамен қуғансың! — деп заведующий зәрін сыртына теуіп, тікірейе бастады. Мардан да оған «әттең сені!» дегендей қатты қарады. І.Жанс. ~ Бүйірінің бір түкпірінде жатқан сырдың шетін шығарып шешіліп бара жатқанын байқап, соған шамырқанғандай суық зәрін сыртына жайып, лезде тастүйін боп қатайып ала қойды. Ә.Нұрп. ~ Сол қызыл көзге қағынды келетін бе еді? Жұртқа зәрін жайып, жыландай ысқырады да отырады. Ә.Нұрп.
