Posted in

ЗЫМ-ЗИЯ ЖОҚ (БОЛДЫ, ЖОҒАЛДЫ)

Із-түссіз жоғалып кетті.; ғайып болды. ~ Үш орыс қолдарына шырағдан алып, қораны, үйді, тезекті, шұңқырды, жүкті, пішенді – бірін қоймай найзаларымен піскілеп тінтіп жүр. Зым-зия Ақбілек жоқ. Ж.Айм. ~ Жиектегі бір ауылға түсіп, Қартқожа лау сұрап жүргенде, лаушы Қартқожаның нәрсесін түсіріп, зым-зия болды. Ж.Айм. ~ Зым-зия жоғалайын деп жоғалдым ба, мен бейбақ? Алапат соғыс шықты да, өмірдің астын үстіне келтірді, бірді бірге бытыстырды. Б.Соқп. ~ Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген әлгі із сияқты сен де зым-зия жоқсың. Ә.Нұрп. ~ Сол әлгі мойын қосқа жегіп жүрген екі өгізді жер жұтқандай, зым-зия болды. С.Бақб. ~ Жердің бір бүйірін өрт шалып, соғыс жүріп жатыр. Мынау келіншектің ауылындай талай қыстақ зым-зия жоғалды. М.Сүн.