Дөңгелей жөнелді, шыр айналды. ~ Шеген асылғыш турникке қолтығын асылып, зыр айналып тұр еді, апам менің қасыма келіп: — Өнерлі бала екен… — деді. Ғ.Мүс. ~ Ауыз үйге шығып, сыртқы есікке маңдай тіреді. Екі мәрте нығыта итеріп еді, міз бақпады. Имек тұмсық ілгек есіне түсті. Астынан жұмырығымен періп қалып еді, зыр айналды. М.Қаб.
