Posted in

ИГІ ЖАҚСЫ (ЖАҚСЫЛАР)

Бүкіл елдің маңдай алды тұлғалары; ығай мен сығайы; ақсүйектері. ~ Елдің «игі жақсыларының» ішінде қандай алтын жатқанына кісінің миы жете ме? Ж.Айм. ~ Әмірші мен игі жақсылардың көк желкесінде көлденең қауіптен бас-көз болатын көп нөкер келеді. Ә.Кек. ~ Оның төңірегінде ел иесі, игі жақсылардың талайының басы қосылар, солардың алдына сені жұмсаймын. Ғ.Біл.