Posted in

ИГІ ОЙ

Жақсы, ізгілікті пікір, оң пиғыл. ~ Құрбан түйелі қарттың сондай игі ойынан шықпады. Тиісе келді. Р.Рай. ~ Тізе берсең, баланы барлық әрекеттен шектейтіндей көрінеді. Бірақ, осы ырым-тыйымдардың түбінде ізгі ниет, игі ой жатқаны жасырын емес. БАҚ. ~ “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет секілді жыраулар мұрасын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырып кетті. Әдебиетке бір кісідей еңбек сіңірді. Жинақта Мақаш туралы игі ой айтылды деп ойлаймын» деді қаламгер. А.Есенж.