Posted in

ИЕГІНІҢ (ИЕК) АСТЫ

Жақын, осы тұрған жер. ~ Қазақтың иегінің астына бір күн жүрдім деген, Ералы айтқан әлгі жерге күн батып, қызыл шапақтана бастағанда шақ жеттік. А.Ор. ~ Аттап бассақ болды, жүгінетініміз Ленинград пен Орынбордың архивтері. Сотталып, айдаудың «бақытын» кергендерді болмаса, олардың білері де иек асты: о жер, бұ жер ғана. Қ.М.Әлі.