Posted in

ИЕК АРТПА

Төбе, қырат, дөң. ~ Бірер төбе ғана асты. Қап! Болмады енді. Ізге түсе жөнелген тазы алдындағы қырқаға шыға бере иек артпадан баспа қып қарап еді, түлкі шынында да ойдағы шоқтала өскен быртық қарағанның арасында жүр екен. М.Мағ. ~ Батырларды жерлеп болып жатқанда, Көз тікті ел қыр астындағы ақ шаңға. Қалың аттың тұяғынан жер сөйлеп, Алды келіп асылды иек артпаға. Ғ.Қай. ~ Тас түбінен атқылаған Әулие бұлақ кішігірім өзендей, иек артпаға дейін күңгірлеп барып құзға құлаған соң, шатқалды дар айырып жыртып жатыр. Қ.Ысқ.

  1. Таяу жер, жақын маңай. ~ Иә, иек артпадан мәшине дүр ете түсті. Д.Дос. ~ Иек артпадан үш-төрт атты шыға келді. Бұл кезде күн арқан бойы көтеріліп қалған. Қарсы келе жаткан жолаушылардың жүрісі суыт. Б.Тоғ.