Posted in

ИЕН ҚИЫР

Иесіз жатқан түз, қиыр шет. ~ Аспан әлеміндегі галактиканың шеті–шегі жоқ иен қиырында жалғыз ғана жұлдыздың сәулесі жанады, сол сәуле жерге жеткенше миллиардтаған жылдар жылжып, алла тағаланың “өзім” деген пендесінің көкірегіне жетіп сіңеді. Д.Дос. ~ Иесіз иен қиырға қыдырған жолдай, Жапырақтармен көмілген Сүрлеусіз соқпақ Адастым сенен, Сол үшін кешірші мәңгі. Т.Таң.