Қатарласа, сығылысып орналасты. ~ Міне, Ертіс. Суы қара барқынданып, жауырынын күжірейтіп, көк ала сең арқалап, езуінен көбігі бұрқырап, екпіні үй жыққандай долы Ертіс. Әне бір сендер иін тіресіп, үзеңгі қатысып келеді. . Ж.Айм. ~ Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. М.ӘУ.~ Арада азғана уақыт өткенде, таудың жазаң етегі, оң қанатта, қаптаған қалың там көрінді. Жапырлай иін тіресіп тұр. М.Мағ. ~ Бұл жерде ауыл дейтіндей иін тіресіп, қанаттас қонған көп үй жоқ. О.Сәрс. ~ Шынында да, ауыл адамдары дүкен маңында иін тіреседі. С.Жүн. ~ Жағалай отырған жұртта және тыстан кіріп, есік алдында иін тіресіп, телміріп қарап тұрған жұртта үн жоқ, бәрінің өңдері қашып кеткен. С.Сей.
