Жағдайы түзелді, тұрмысы оңалды. ~ Түгелдің жағдайын естігесін сөзге келместен қосқанат ұшақтың құйрығына отырғызып, елге алып жүрді. Халықтың қарны тойып, иіні бүтінделе қоймаған жоқ– жітік кез ғой. Ел ішінде ұры– қары көп екен. Ү.Жәл. ~ Не дерімді білмей қалдым, әзірше үйленуді ойлай қойғанымыз жоқ, диплом алайын, «аурумын, рақатыңды қашан көремін» деп апта сайын соңымнан сала құлаш хат жөнелтіп жатқан әкемнің алдынан өтейін, жөнімді жөндейін, иінімді бүтіндейін деп нықталып жүргем. Д.Дос.
