Posted in

ИМАН ЖҮЗДІ

Арлы, ұяты бар, қайырымды. ~ «Түсі жылыдан түңілме» деген еді, әкетай. Иман жүзді бала екенсің бөбектерің бар ма? — деп кірді машинаға малмандай болған Далабай. Қ.Ысқ. ~ Анықтама қағазынсыз документімді бер деп тұр, мына бала. Қайтсем екен, ә? — Иман жүзді қарындас көрінеді. Кейін дауламас. Берсеңізші. М.Сүн. ~ Біріншісі – бойы ортадан жоғарылау, даусы жай, мінезге бай, қап-қара шашы май жаққандай жылтырайтын да тұратын боз өңді, қой көзді, иман жүзді ағай. Ү.Жәл.