Мінезі жұмсақ, ниеті түзу, ар-ұятын аттамайтын жақсы адам. ~ Тегінде декан ағайы сырты суық болғанмен, іші май тоңғысыз жылы, иманды кісі болатын. Д.Дос. ~ Ешен – Сейіт бастаған бұл дуалы ауыздар Демежанды жат қолынан өлген шейіт, иманды кісі деп бағалады. Қ.Жұм. ~ Әпенді әйелдің түсінігінде иманды адамдарға заң жазып әуре болудың керегі жоқ. Е.Әл.
