Posted in

ИНЕНІҢ ҰШЫНДАЙ

Титтей ғана, кіп-кішкентай. ~ Тал бойынан иненің ұшындай кіршік таба алмаса да кежегелері кері тартып, бір ауыз жылы сөздерін қимайды. Т.Сәу. ~ Қанша от жақсақ та үй жылымады. Өйткені, ауылдың терезелері мынандай, – дейді жамалған әйнекті көрсетіп. – Жел деген бәле иненің ұшындай ашықтан өтіп кетеді ғой. Г.Нарым. ~ Қызарып, ісінген ортаңғы саусағының басы иненің ұшындай тесіліпті. Ү.Жәл.