Posted in

ИСІ ДЕ ЖОҚ

Өзі түгіл, ізі де жоқ. ~ Толғағы жоқ қатынның бебеулегені қандай жексұрын болса, бұ да сондай жексұрын болады. «Қисынсыз қышқырған неткен тантық» деп Абай айтқанның кебіне ұшырап жүргендер көп. Нағыз шынын айтқан уақытта, қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десең, дені бытпырақ, бытпырақ болмағандарының ағыны теріс. С.Тор. ~ Ағашы оюланған қара кебеже. Бәрі басқаша. Ал кітаптың ізі де, исі де жоқ. Бір де бір кітап жоқ. М.Мағ.