Posted in

ИТ- РӘСУАСЫН ШЫҒАРДЫ

Есін шығарды, әуреге салды, итін шығарды. ~ Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Қайдағы бір қорқынышты беймаза түстер қамалап, ит-рәсуамды шығарды. Т.Берд. ~ Кітап аңдатпасынан аңғарғанымыз: бұл кітап осыдан 30 жыл бұрын, күні кешегі Кеңес өкіметі тұсында әбден паршаланып, 4-5 бөлікке бөлініп, ит-рәсуәсі шығып барып жалғанның жарығына шықса керек. Т.Жақ.