Posted in

ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН

Жетуге қиын, алыс жер, шет, жердің түбі. ~ …ауыр жүк машинасынан басқа тырылдауық жетіп бара алмайтын ит арқасы қияндағы жер. О.Сәрс. ~ Апа-ау, туу! Ит арқасы қияннан жаныңызды қинап, бекер-ақ келгенсіз. Амандықты айтып, Жалғасик телефон соға салады, біліп отыр емеспіз бе?.. Ж.Аяз. ~ Бір заманда сонау теріскейден осы жаққа – ит арқасы қиянға ауып келіпті-міс. Т.Әл. ~ Қиыр жайлаудан, ит арқасы қияннан, күн-түн қатып “бар, балам абақтыда сарғайып жатыр, аман-жаманын бiлiп кеп бер!” деп, кәрi шешесi менi жұмсады. М.Әу.