Posted in

ИТ ЖЫҒЫС ТҮСТІ

Не әрі емес, не бері емес; тең шықты. ~ Дəл сондағыдай біріне- бірі қарсы ішімдегі екі мақлұкты одан бұрын да, соң да анық сезген емеспін. Бірі: «Қорықпа», – дейді, бірі қорқа береді. Екеуі біресе кезек жығысады, біресе ит- жығыс түседі. Ж.Айм. ~ Ең болмаса, ит жығыс түсейін деп өнер сатып, бедел сатып, абырой сатып қанша тайталасқанмен бәрібір жеңілмей қоймайтын өзекті жанның уақыт алдындағы жалғыз ұтысы ұрпақ қана. Ә.Кек. ~ … Жел тымық. Күз бен қыстың бір- біріне беріспей, ит жығыс түскен неғайбыл шағы. С.Ом.