Азын-аулақ үлкендігі бар. ~ Ол жағына қам жеме, інішек, өзің де сақ бол. Сенен гөрі ит көйлекті бұрын тоздырдым ғой,
білімім кем болғанымен, қыл көпірден қисаймай өтуді білемін. О.Бөк. ~ Өмірге екі- үш жас ерте келіп, ит көйлекті бұрын
тоздырғанын да алға сап арқаланып отыр. Қ.Түм. ~ Тағы бір артықшылығымыз Ештай екеуіміз де басқалардан 5–6 ай болса
да, иткөйлекті бұрын тоздырған үлкендігіміз бар. Күшіміз де қай– қайсысынан басым. «Сен тұр мен атайын» Сартай содырдың
өзі де күні үшін екеуімізге құрақтай жапырылады. К.Сег.
