Әлденеден үркіп, зәрезап болу туралы. ~ Жақан да зығырданы қайнап: — Әй! Ит көрген ешкідей неғып сексиіп тұрсың?
Танымай қалдың ба? Жамал сені іздеп келіп отыр ғой,— деп зекіді. Ә.Кек ~ Тракторшы тұңғыш рет тіл қатып: — Трактор
енді жүрмейді. Мен қайтамын, — деді. Қожайын бөтен ит көрген ешкідей ежірейе қалып: — Қайтқаны қалай? Ш.Мұр. . ~
Тіпті делбе ұстаған атшысы мен босаға баққан сақшысына дейін ит көрген ешкідей едірейе көз тастайды. Ә.Кек. ~ Состиып,
ит көрген ешкідей тұра берудің ендігі реті жоқ еді. Іштеріндегі ересегі ақай бастап шоланға шығып, сырт киімдерін шешіп,
екеулеп бұрап, суын сықты. О.Бөк.
