Жауын көргендей жиырылу, ытырыну, үрейлену мағынасында. ~ Әйелдердің де аяқ астынан жым болып, ит көрген мысықтай жиырылуы да өз күйеулерінің көрікті жесір әйел Бибәтимадан үмітсіз емес екенін білгендіктен еді. Т.Әбд. ~ Жатақханаға келсем, мұнда да масқара! Бір бөлмеде тұратын төрт- бес жігіт ит көрген мысықтай үрпиісіп отыр. З.Қаб. ~ Кенет көз алдына «мені қайда тастадың» дегендей екі көзі тікірейіп Назар келді. Асқар ит көрген мысықтай денесін жиып алды. Т.Әбд.
