Posted in

ИТ КӨРМЕГЕН ҚОРЛЫҚТЫ КӨРДІ (ҚОРЛЫҚТА ЖҮРДІ)

Адам шыдамайтын қиындықты, қорлықты басынан кешті. ~ Мен не жырғап жүр дейсің, ит көрмеген қорлықты көріп мұнда әрең жетіп отырмын, ـــ деген еді. Б.Жұм. ~ Қырғын ұрыста жараланып тұтқынға түсіп содан бері шет елде ит көрмеген қорлықта жүріп, жуырда өз отанымызға қайтқан екен. С.Мұр. ~ Ит көрмеген қорлықты көріп, өлмеген басым өздеріңді іздеп келгем. Мына ауылда болғаныма екі айдың жүзы болды. Б.Жұм.