Тапшылықтан, аштықтан не біреудің зәбірінен қорлық көріп өлу, сүйегі далада қалу. ~ Ит -құзғынға жем болып далада
көмусіз қалармын деп ойлап па еді… О, паруардігер, сонша итқорлықпен өлетіндей не жазығы бар еді бұның? С.Ел. ~ Аштан
өлген әке-шешесінің түрікпен мұнда сүйегі шашылып көмусіз қалғаны аз ба еді? Шегенің әкесінің тышқан жеп ит қорлықпен
өлгені аз еді? С.Ел. ~ Біз жүрген төңіректе не тау, не онша бір қалың ағаш жоқ. Сондықтан, біз тұтқын алып жүре алмаймыз.
Екінші, бізді ұстаса, бандылар бастан сипап қоя бермейді, ит қорлықпен өлтіреді. М.Дәу. ~ Жоқ, бармаймын, жіберіңдер! Мен
ол екі қаншықты бәрібір өлтірмей қоймаймын! Итқорлықпен өлтіремін! Бұл жер – мейманхана емес, жынойнақ! Т.Сәу. −
Туған әкем Томай өмір бойы кісі есігінде өтті. Шешем Қарлығаш сіңірі шыққан кедейдің қызы. Байлардың отын жағып, күлін
шығарып, сиырын сауумен ит қорлықта өлді. С.Ом.
