Posted in

ИТ ҚОРЫҒАН ЖЕРГЕ ӨШ

Біреудің дүниесіне, немесе қолы жетпеске қызығушылық хақында. ~ «Қарағанымды құтқармаймын» деп ойлайтын және бұған дейін солай да болып келе жатқан Шорман, Айғанымның мына қылығына қайран қалды. «Ит қорыған жерге еш» дегендей, «қайтсем де құтқармаймын!» деген намысқа кірді ол. Оның Айғанымға өзге сұлтандардан гөрі жампаңдай беруі содан еді. С.Мұқ. ~ Жайылымдық жер азайып, мал өрісі тарыла бастағандықтан, айқай-шу да көбейді. «Ит қорыған жерге өш» дегендей, ауыл малы совхоздың арнайы еккен жоңышқасына кіріп кететін. Қ.Бег. ~ Қарт кемердің Ертіске созыла доғарылған мүйісіндегі қой қораның көлеміндей жазықшаны көрім айналдырды. Ит қорыған жерге өш деп, бұл немелер менің қазық қаққан жерімді көре қалыпты, енді көрейін! Ж.Шәк. ~ Дариға солардың біреуін де маған тең көрмей, сыртымнан қызғыштай қорып жүреді. Әлде, «ит қорыған жерге өш» деп, жас жеңгем қорғаштаған сайын олар да маған ынтыға түсе ме екен? Т.Ахт. ~ Банк, ақша, қылмыс жөнінде он жерден заң шықса да, сендерге оның қайсысы тосқауыл болар дейсің, өйткені «Ит қорыған жерге өш» емес пе?! Д.Әш.