Posted in

ИТІМ БІЛСІН (БЕ?) // ИТІМ БІЛІП ПЕ?

Мен қайдан білейін д.м. ~ Өзі қарасы қанша мал екен жоғалтқандары? — деп Балапай сөзді жұмсарта сұрап еді, Нұртаза: — Итім білсін, “мыңға тарта жылқы қолды болды, із осында алып келді” деп тантитын көрінеді. С.Жүн. ~ Жиһаз жасауға кедей бөлме күңгірт. Бояуы сол ма, ыс басқан ба, оны итім білсін. Әрі-беріден кейін Елтай өзін есік- терезелері алынған алаң – ашық иесіз пәтерде отырғандай сезінді. М.Қаб. * Апырай, Ақан да қыран-ау алыстағыны көзі шалатын, тегі көптен-ақ ілген-ау құсын. ─ Итім білсін ол жағын. Әйтеуір былтыр қыстан бері бip−бірімен табысып, шариғат жолына түскен деседі ғой,— деп Су Құсайын қабағын керді. С.Жүн. * Сонда мұның барлығын қайда, неге әкетіп жатыр? – Итім білсін бе? – Бір сұмдық болады, әйтеуір. Н.Дәу. * Апырмау, мынау кiм болды екен? — Итiм бiлiп пе? — Шiркiннiң ысқыны қандай жаман. Ышпана шығар? Б.Алд. ~ Рамазан: Немене осы керектердің бәрі маған керек емес пе екен? Мен жерді сенен кейін алдым, … Қай адресінің дұрыс екенін итім біліп пе? Н.Ақ.